Ресейдің Крымск қаласында атыс болып, 4 адам көз жұмды
Сонымен қатар ауыр жарақат алған бір адам ауруханаға түсті
Ресейдің Крымск қаласында атыс болып, 4 адам көз жұмды, тағы бір адам жарақат алды. Бұл туралы Azattyq Ruhy INTERFAX агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.
«24 қараша күні сағат 17:00 шамасында Крымск қаласы Комаров көшесі бойында орналасқан медицина орталығында 1956 жылы туған жергілікті тұрғын аталған мекеменің екі қызметкерін атқан. Одан кейін далаға шығып, көшедегі адамдарға оқ жаудырды»,- деді РФ Ішкі істер министрлігінің Краснодар өлкесі бойынша бас басқармасының баспасөз қызметінің жетекшісі Александр Рунов.
Соның салдарынан бір адам оқиға орнында көз жұмды, екіншісі ауыр жарақат алып, ауруханға жеткізілді. Бұдан кейін ер адам өзін-өзі атып өлтірді.
Полицияның алдын ала мәліметіне қарағанда, ол әйелімен ажырасудан соң осындай қадамға баруы мүмкін.