23.11.2022, 23:05
Жаңалықтар
Тоқаев: Бауырлас орыс және украин халықтары арасының алшақтауына жол бермеу керек
Бұл туралы БОРТ №1 Телеграм-арнасы хабарлады
Қасым-Жомарт Тоқаев ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің сессиясында Украина төңірегіндегі жанжалды шешудің бейбіт жолдарын іздеуге шақырды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Украина мәселесіне келер болсақ, бейбітшілік формуласын бірлесе қарастыратын уақыт келді деп ойлаймын. Кез келген соғыс бейбіт келіссөзбен аяқталады. Бітімге келудің кез келген мүмкіндігін пайдалану керек. Ыстанбұлдағы келіссөз раунды үміт сыйлаған еді, бірақ түрлі себептермен келісім іске аспады. Ондаған, жүздеген жылдарға созылатын өкпе-реніштен бауырлас орыс және украин халықтары арасының алшақтауына жол бермеу керек», – деді Президент.
Көп оқылған
18.11.2026, 08:22
«Төрт сағат жолда жатып қалған»: Қарағанды облысында оқушы қызды қағып өлтіріп алған әйел оқиға орнынан қашып кеткен
18.11.2026, 12:05
Астананың аспанынан доллар лақтырған Жақыпов пен Отыншиевтің қайда отырғаны белгілі болды
18.11.2026, 10:15
Қазақстанда іздеуде жүрген және наркологиялық есептегі 720 мың адам inDrive пен Yandex-те такси қызметін ұсынған
19.11.2026, 13:32
«Жансейіт Түймебаевтың арқасы»: Тоқаев Серіктестер форумында ҚазҰУ ректоры туралы сөз қозғады
