Ауа райына байланысты 3 облыста жол жабылды
«ҚазАвтоЖол» ауа райының нашарлауына байланысты республикалық жолдардың кейбір бағыттары жабылғанын ескертті
«ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы таратқан мәліметке қарағанда республикалық маңызы бар автожолдың 5 учаскесінде көліктің барлық түрлеріне жол жабылды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Ауа райының бұзылуына байланысты жолдардың келесі учаскелерінде қозғалысқа шектеу енгізді.
23 қараша кешкі 19.00-ден бастап республикалық маңызы бар «Самара-Шымкент» тасжолының 776-1153 шақырым аралығында жүк және қоғамдық көліктің қозғалысына тыйым салынды. Бұл - «Ақтөбе - Хромтау - Қарабұтақ - Ырғыз» учаскесі.
Сағат 20-00-ден бастап (көктайғақ) «Самара-Шымкент» автожолының учаскесінде (835-1154 км., Хромтау қ. Ырғыз к.) автокөліктің барлық түрлері үшін қозғалыс жабылды.
21:00-ден бастап Ақтөбе облысында «Қарабұтақ-Комсомольское-Денисовка-Рудный-Қостанай» автожолының 0-198 шақырым аралығында,
Жетісу облысында «Сарыөзек-Көктал» автожолының 45-68 шақырым аралығында,
БҚО-да «Орал-Тасқала-РФ шекарасында» 4-31 шақырым аралығында, Орал – Перемётное учаскесінде барлық көлік түрлері үшін жол жабылды.