$ 521.67  592.46  6.32
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Елорданың емханаларына 50 жаңа автокөлік тапсырылды

Жедел жәрдем станциялары соңғы жылдары 200-ден астам автокөлікпен толықтырылды

Елорданың емханаларына 50 жаңа автокөлік тапсырылды

Астананың емханаларына жаңа автокөліктер тапсырылды. Автопарк шұғыл жетудің 4-санатына, үйге, мобильді бригадаларды тасымалдауға және т.б. шақыруларды орындау үшін қосымша 50 автокөлікпен толықтырылды. Бұл туралы Azattyq Ruhy елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Осы жылдың қыркүйек айының басында жедел медициналық жәрдем станциясына 55 арнайы машина берілді. Жалпы алғанда, қаланың медициналық мекемелері мен жедел медициналық жәрдем станцияларының автопаркі соңғы жылдары 200-ден астам автокөлікпен толықтырылды.

«Соңғы үш жылда медициналық мекемелер 3 мыңға жуық арнайы жабдықтармен жарақтандырылды, 40 «Үй жанындағы дәрігер» нысаны ашылды (оның 7-еуі елді мекендерде), жыл соңына дейін тағы 10 «Үй жанындағы дәрігер» нысаны ашылады, бірқатар медициналық мекемелерде жөндеу жұмысы жүргізілді, 4 медициналық мекеме құрылысы бойынша жобалар іске асырылуда.

Астанада перзентханалардың, «Жағалау-3» амбулаториялық-емханалық кешендерінің және «Нұрлы жол» вокзалы жанында, Көктал-1, Телман, Пригородный және т.б. елді мекендерінде алғашқы медициналық-санитарлық көмек орталықтарының құрылысы жоспарланған», - делінген әкімдік хабарламасында.

Серіктес жаңалықтары

Мақалада

#Астана #емхана