$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Таразда оқу қорпустарына жарылғыш зат қойылды деп жалған хабарлама таратқан азамат іздестірілуде

Шақырту орнына 100 полиция қызметкері, арнайы саперлер мен кинолог мамандары, Төтенше жағдай және жедел жәрдем қызметі барды

Таразда оқу қорпустарына жарылғыш зат қойылды деп жалған хабарлама таратқан азамат іздестірілуде
aikyn.kz

Таразда колледж оқу қорпустарына жарылғыш зат қойылды және ол  1 сағатта жарылады деп жалған хабарламада таратқан азамат іздестірілуде, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Тараз қалалық Полиция басқармасына Жамбыл политехникалық колледжінен Төле би даңғылы мен Домалақ ана көшесіндегі оқу орнының барлық корпустарына жарылғыш заттар қойылғаны және 1 сағатта жарылатыны туралы telegram парақшасына белгісіз абоненттен хат түскендігі туралы хабарлама келді.

Шақырту орнына жедел түрде Полиция департаментінің 22 автоэкипажы, 100 полиция қызметкері, арнайы саперлер мен кинолог мамандары, Төтенше жағдай және жедел жәрдем қызметі жұмылдырылды.

Колледж қызметкерлері мен студенттер және басқа да азаматтар қауіпсіз жерге көшірілді.

«Тексеру жұмыстарының нәтижесінде жарылғыш зат анықталған жоқ. Полиция қызметкерлерімен Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 273-бабымен (Терроризм актiсi туралы көрiнеу жалған хабарлау) тергеп-тексеру амалдары басталды», - деді Жамбыл облысы ПД баспасөз хатшысы Гүлсара Мұхтарқұлова.

Серіктес жаңалықтары