$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Бүгін Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашынды ауа райы болады

Республика бойынша тұман түсіп, көктайғақ болады

Бүгін Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашынды ауа райы болады
Фото: ашық дереккөзден

Синоптиктер 22 қарашаға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты Қазақстан Республикасының басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады, жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын жауады, солтүстігінде, солтүстік-батысында, шығысында, орталығында қар жаууы мүмкін», - делінген «Қазгидромет» хабарламасында.

Республика бойынша тұман түсіп, көктайғақ болып, солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында жел күшейеді, солтүстігінде, шығысында, орталығында жаяу бұрқасын соғады.

Түркістан, Жетісу облыстарының таулы аудандарында, Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында, Жамбыл облысының солтүстік-шығысында, таулы аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) жаууы ықтимал.

Астанада көшпелі бұлт шығады, кей жерлерде аздаған қар жауады, тұман түседі. Батыстан жел соғады, түнде жылдамдығы солтүстік-батыстан 2-7, күндіз секундына 7-12 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде -10-12, күндіз -6-8 градус болады.

Алматыда көшпелі бұлтты, жауын-шашын жауады, кей уақытта қатты (негізінен жаңбыр) жауып, тұман түседі. Жел жылдамдығы секундына 3-8 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде -24, күндіз +6+8 градус болады.

Шымкентте көшпелі бұлт шығады, өткінші жаңбыр жауады. Түнде және таңертең тұман түседі. Оңтүстік-батыстан секундына 8-13 метр жылдамдықпен жел соғады. Ауа температурасы түнде -3-5, күндіз +10+12 градус болады.

Серіктес жаңалықтары