ШұғылҮржар ауданында күдікті полиция бөлімінде қайтыс болды

Bek Air ұшағының құлаған сәтін визуализациялайтын видео жарияланды

Бейнеролик Мемлекетаралық авиациялық комитеттің зертханасында әзірленген

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі мен Мемлекетаралық авиациялық комитет (МАК) 2019 жылдың 27 желтоқсанында Алматы маңындағы Bek Air әуе компаниясына тиесілі ұшақтың құлаған сәтін визуализациялайтын бейнеролик жариялады, деп хабарлайды Азаттық рухы тілшісі.

Ролик МАК базалық техникалық зертханасында әзірленген. Авиациялық комитеттің хабарлауынша, әуе кемесінің, жолаушылар мен жүктің бортта орналасу ережелері бұзылмаған. Алдыңғы ұшақтан кейінгі із туралы нұсқа да дәлелденбеді. Сарапшылар әуе апатының үш себебін ұсынып отыр. Оның бастысы – әуе кемесі қанатының мұздануы.

«Ұшу динамикасы әуе апатының екі себебі болғанын көрсетеді: ұшақ қанатының беті немесе алдыңғы жиегі таза болмаған, немесе қанат бүтін болмаған», - деді МАК бас директоры Виктор Сороченко.

Оның айтуынша, адами фактор мен авиациялық техниканың істен шығуы туралы нұсқа да жоққа шығарылмайды. Оның айтуынша, тергеудің нақты қашан аяқталатынын дөп басып айту мүмкін емес.

«Апаттың нақты жағдайын комиссия анықтайды. Анализ жасалуы керек бейнематериалдар бар. Екінші пилоттың айтқандары бар. Барлығын комиссия шешеді», - деді ол.

Естеріңізге сала кетсек, 27 желтоқсан күні Алматыда Bek Air әуе компаниясының ұшағы құлаған болатын. Борттағы 93 адамның 12-сі қаза тапқан еді.