ШұғылҚазақстанда COVID-19 вирусын жұқтырғандар саны 110 мың адамға жуықтады

Ақтауда медколледж әкімшілігі студенттерді қымбат бахила сатып алуға мәжбүрлеген

Дәріханада 20 теңгеден сатылатын бахиланы студенттер 180 теңгеге алған

Фото: ашық дереккөзден

Ақтау медициналық колледжінің әкімшілігі студенттерді бахила сатып алуға мәжбүрлеген. Колледж әкімшілігі дәріханада 20 теңге тұратын бахиланы 180 теңгеге алудан бас тартқандарды сабаққа кірбізбей қойған. Бұл туралы «Астана» телеарнасы хабарлады. 

Колледж директоры бахилалардың қымбат болуы сапасына байланысты екенін айтқан. Дегенмен, студенттер мен ата-аналардың бұл жаңалыққа көңілі толмай отыр. 

«Директор бұл жыртылмайтын, арнайы өңделген бахила екенін айтты. Дәріханадағы бахила біздікіндей емес дейді. Біз сатып алмайтынымызды айттық. Ал, ол ондай жағдайда бізді оқудан шығарып жіберемін деді», - дейді студенттердің бірі.

Олардың айтуынша, колледжде студенттерді тек бахила емес, 25 мың теңгеге медициналық халат сатып алуға да міндеттелген. Ал нарықта мұндай киім 5 мың теңгеден қымбат емес. Бұл оқиғаға байланысты оқу орнының директоры журналистердің сұрағына жауап беруден бас тартқан.