$ 498.34  519.72  4.85
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Әлия Садырбаева: Қазақстандықтар Әділетті мемлекетте өмір сүргісі келеді

Қасым-Жомарт Тоқаев сайлауда 81,31% дауыс жинады

Әлия Садырбаева: Қазақстандықтар Әділетті мемлекетте өмір сүргісі келеді

Республикалық қоғамдық қабылдау бөлмесінің басшысы Әлия Садырбаева Қасым-Жомарт Тоқаевтың президент сайлауындағы жеңісі халықтың сенімі екенін айрықша мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Ол өз сөзінде Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың 81,31% дауыс жинағанын айтып өтті.

«Біз жеңдік! Қазақстандықтар біздің Президентіміз сайлауалды бағдарламада мәлімдеген реформалар бағытын басым көпшілікпен қолдады. Адамдар Әділетті мемлекетте өмір сүргісі келеді және Жаңа Қазақстан құруға дайын! Мемлекет басшысы айтқандай: «Халықтың сенімі – ең басты құндылық. Біз халықтың бұл сенімін ақтауымыз керек. Сондықтан бүгіннен бастап, 21 қарашада бәріміз жұмысқа кірісуіміз керек!»

Тербелуге уақыт жоқ! Бізде сайлаушылармен кездесулер кезінде қабылданған 40 мыңнан астам сайлаушылардың ұсыныстар мен тілектері бар. Олардың барлығы дереу шешімін күтуде. Сондықтан біздің жұмысымыз халықпен тығыз байланыста енді ғана басталады.

Отанымыз бір! Мемлекетіміз бір! Халқымыз бір! Біздің Президенттің барлық жақтастарын сөзсіз жеңісімен құттықтаймын!» - дейді Әлия Садырбаева.

Серіктес жаңалықтары