$ 498.34  519.72  4.85
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Президент саясатының аясында бәріміз бірге Әділетті Қазақстан құрамыз – Мәулен Әшімбаев

Ол қазақстандықтарды Қасым-Жомарт Тоқаевтың жеңісімен құттықтады

Президент саясатының аясында бәріміз бірге Әділетті Қазақстан құрамыз – Мәулен Әшімбаев

ҚР Парламент Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаев Президент сайлауының алдын ала қорытындысының жариялануына байланысты әлеуметтік желідегі парақшасында жазба қалдырды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Орталық сайлау комиссиясы Қазақстан Президенті сайлауының алдын ала қорытындысын жариялады. Соған сәйкес ел азаматтарының 81,31 пайызы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевқа дауыс бергені белгілі болды.

Бұл – Мемлекет басшысының ауқымды реформалары мен бастамаларына деген халықтың қолдауы. Сондай-ақ азаматтарымыздың бекем бірлігінің арқасында қол жеткізілген жарқын және айқын жеңіс.

Осы ретте халықтың белсенділігін атап өткен жөн. Сайлауға 8,3 млн адам немесе барлық сайлаушының 69,44 пайызы қатысқан.

Дауыс беру барысын бақылаған отандық және халықаралық байқаушылар сайлаудың жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын және ұлттық заңнамалар мен халықаралық стандарттарға сай өткенін мәлімдеді.

Осыған орай Қасым-Жомарт Кемелұлын және барша жақтастарын айқын жеңіспен тағы да құттықтаймын! Президентіміздің саясаты аясында бәріміз бірге жаңа, өркендеген, демократиялы және әділетті Қазақстан құрамыз деп толық сенемін», - деп жазды М. Әшімбаев.

Айта кетсек, ОСК Қазақстан Республикасындағы кезектен тыс президенттік сайлаудың алдын ала нәтижелерін жариялап, Қасым-Жомарт Тоқаевтың 81,31% дауыс жинағанын мәлімдеген болатын.

Серіктес жаңалықтары