Маңғыстау облысындағы ауылда алғаш рет сайлау өтіп жатыр
Кендірлі ауылындағы №109 сайлау учаскесіне келіп жатқан тұрғындар көп
Жаңаөзен қаласына қарасты елдімекеннің бірі Кендірлі ауылы күннен-күнге көркейіп келеді. Саяси маңызы бар сайлау ауыл тарихында алғаш рет өтіп жатыр, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Қоғамдық коммуникация орталығына сілтеме жасап.
Жаңа ауылдың мәдениет үйінде орналасқан №109 сайлау учаскесінде таңертеннен бері дауыс беруге келген тұрғындар көп.
Саяси науқаннан қалыс қалмай, таңдауын жасауға келгендердің қатарында жаңа отасқан жас жұбайлар Қаршыға Байтөреев пен Күміс Шалқарова да бар.
«Егеменді еліміздің баянды болашағы үшін маңызы зор саяси шараға бір кісідей атсалыстық. Отбасымызда ата-анам, інім мен және келіншегім болып сайлауға келдік. Өз таңдауымызды жасадық. Бұл науқанға ең алдымен, еліміздің тұрақтылығы нығая түсуі үшін қатысып отырмыз», - дейді дауыс беруге келген Қаршыға Байтөреев.