$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Президент Алматыда Ахмет Байтұрсынұлының ескерткішін ашты

Ескерткіштің авторлары – Айдос Бүркітбаев пен Тимур Ермұхаметов      

Президент Алматыда Ахмет Байтұрсынұлының ескерткішін ашты

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ахмет Байтұрсынұлына арналған ескерткішті ашты, деп хабарлайды Azattyq ruhy Ақордаға сілтеме жасап.   

Мемлекет басшысы Алматы қаласына жұмыс сапары барысында алдымен, ағартушы, ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының музей-үйіне барды. Мұнда ұлы тұлғаның өмірі мен шығармашылығы туралы 500-ге жуық экспонат жинақталған.   

Содан кейін Қасым-Жомарт Тоқаев Ахмет Байтұрсынұлына арналған ескерткішті ашты. Іс-шараға ақынның туыстары мен зиялы қауым өкілдері қатысты. Мемлекет басшысы ескерткіштің ашылу рәсіміне жиналғандар алдында сөз сөйлеп, тұлғаның ұлт тарихындағы рөлі жоғары екенін айтты.

«Жұртына пайдасы тиетін жұмыстың бәріне Ахаң үлес қосқан. Тіпті, бірқатар саланы өзі бастап берген. Ол қазақтың төл әліпбиін жасады, алғашқы әліппемізді құрастырды. Сондай-ақ оқулық жазып, тіл білімінің негізін қалады. «Қазақ» газетін шығарып, баспасөздің дамуына жол ашты. Арада қанша жыл өтсе де, оның рухани мұрасы жұртының игілігіне жарап келеді. Сол себепті жұртымыз оны «Ұлт ұстазы» деп ардақтайды»,- деді Мемлекет басшысы.

Ескерткіштің авторлары – мүсіншілер Айдос Бүркітбаев пен Тимур Ермұхаметов.

Мүсін композициясы қоладан, тұғыры тұтас күрт гранитінен жасалған ескерткіштің биіктігі – 5 метр.    

Серіктес жаңалықтары