$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Денсаулық сақтау саласы цифрлық трансформацияға мұқтаж - Бағдат Мусин

Министр халыққа проактивті қызмет ұсынылатынын айтты

Денсаулық сақтау саласы цифрлық трансформацияға мұқтаж - Бағдат Мусин
Фото: ашық дереккөзден

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин денсаулық сақтау саласын цифрландыру жайында айтты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

“Денсаулық сақтау саласы ерекше назар аударуды қажет етеді. Бұл салаға цифрлық трансформация қажет. Біз бұған барлық күш-жігерімізді саламыз. Денсаулық сақтау саласын 7 жылда айтарлықтай тартымды ете алдық. Әрбір адам мемлекеттің назарында екенін, оған қамқорлық көрсетілетінін сезуі керек”,-деді ол.

Мусин денсаулық сақтау саласында проактивті қызмет ұсынылатынын айтты.

“Әр отбасы мүшесі бойынша мәліметтер сараланады. Бұл - көрінбейтін мемлекет жүйесіне көшу. Электрондық үкіметте өтініш пен тізім толтыруды талап етпей, оны проактивті түрде ұсынамыз. Мысалы, туу туралы куәліктің осы жылдан бастап цифрлық түрін ғана алуға болады”-деді министр.

Бағдат Мусин атағандай, онлайн қызмет көрсету бойынша Қазақстан 8-орында болса, интернет бойынша 65-орында.

Серіктес жаңалықтары