$ 521.9  593.5  6.39
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Шымкент футболдан Қазақстан кубогының жеңімпаздарын қарсы алды

«Ордабасы» клубы оралдық «Ақжайық» клубын 5:4 есебімен жеңген болатын

Шымкент футболдан Қазақстан кубогының жеңімпаздарын қарсы алды
Фото: Шымкент қаласының әкімдігі

«Ордабасы» футболдан Қазақстан Республикасы кубогының жеңімпазы атанды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлағандай, 12 қарашада «Astana Arena» стадионында «Ордабасы» футбол клубы оралдық «Ақжайық» клубына қарсы ойнап, 5:4 есебімен футболдан ҚР кубогының жеңімпазы атанған болатын.

«13 қарашада сағат 16:30-да Шымкент әуежайында «Ордабасы» футбол клубының ойыншыларын қала тұрғындары, клуб жанкүйерлері, бір топ спорт сүйер қауым, әскери оркестрмен салтанатты түрде қарсы алды», - делінген хабарламада.

Шара әрмен қарай 17:00-де «Әл-Фараби» алаңында қала әкімдігі басшылық құрамының қатысуымен футболдан ҚР кубогын салтанатты тапсыру рәсіміне жалғасып, «Ордабасы» футбол клубының ойыншылары жеңістерімен құттықталды.

Серіктес жаңалықтары