$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қазақстандықтардың бүгінге дейін сайлауға қатысу белсенділігі 70 пайыздан түскен емес – Нұрбол Самат

Биыл 11 млн 950 мың адамның сайлауға қатысуға құқығы бар

Қазақстандықтардың бүгінге дейін сайлауға қатысу белсенділігі 70 пайыздан түскен емес – Нұрбол Самат

«AMANAT» партиясы Қоғамдық саясат институты бас сарапшысы Самат Нұрбол азаматтық бірегейліктің маңыздылығы мен негізгі көрінісін баяндап берді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Жалпылай қарайтын болсақ, азаматтық бірегейлікті әртүрлі тәсілмен көрсетуге болады. Бұл – электоралды белсенділік, яғни сайлауға қатысу белсенділігі. Сондай-ақ шеруге шығу, белгілі бір партияға мүше болу немесе қоғамдық бірлестік өкілі болу сияқты түрлі көріністе болады. Сондықтан азаматтық белсенділік төмен деп айта алмаймыз. Белсенділік белгілі оқиғалар барысында көрінуі мүмкін. Мысалы, қаңтар оқиғасы, одан бөлек Қостанайдағы өрт кезін алсақ, халық зардап шеккендерге қолынан келгенше көмегін аямады. Бұның барлығы азаматтық белсенділікке тікелей әсер етеді. Сондықтан нақты аз немесе көп деп баға бере алмаймыз.

Электоралдық белсенділіктің деңгейін болжау үшін әртүрлі зерттеу институттары түрлі сауалнамалар өткізеді. Зерттеу жүргізетін тәуелсіз институттар және жеке сарапшылар бар. «AMANAT» партиясы Қоғамдық саясат инстуты да осы бағытта өз зерттеуін жүргізеді. Олар көбіне әдістемелік жүйе бойынша қарастырады. Жаппай сауалнамалар, сарапшылардың талқылаулары арқылы белгілі бір нәтижені анықтап, баяндама жасалады. Зерттеудің тазалығы сол институттың өзіне, олардың мақсатына тікелей байланысты.

Алда жақындап келе жатқан сайлау бойынша бірнеше болжам бар. Қателеспесем жүргізілген социологиялық зерттеу нәтижесіне сәйкес, халықтың 70 пайызы дауыс беруге қатысуда. Ал жалпылай алсақ, менің ойымша сайлауға қатысушылар биыл көп болады. Бұған әсер ететін бірнеше факторларды атап өтуге болады. Олар біріншіден, балама үміткерлер, екінші барлығына қарсы дауыс беру мүмкіндігі, яғни егер ешкімге дауыс бергіңіз келмесе сол белгіні толтырасыз. Биылғы сайлау форматы жаңаша өткелі жатыр.

Қазақстандықтардың бүгінге дейін сайлауға қатысу белсенділігі 70 пайыздан түскен емес. Сондықтан биылғы сайлауда дауыс берушілер саны одан да жоғары болады деп ойлаймын», - дейді «AMANAT» партиясы Қоғамдық саясат институты бас сарапшысы Самат Нұрбол.

«AMANAT» партиясы Қоғамдық саяси институты директорының орынбасары Динара Сәдуақасованың айтуынша, биыл 11 млн 950 мың адамның сайлауға қатысуға құқығы бар. Сайлауда көп дауыс беретіндердің жас аралығына келсек, 18-23 жас аралығындағы орта жас буындар сайлауға көп қызығушылық танытады екен. Сондай-ақ қала жастарына қарағанда ауыл жастары сайлауға қатысуда жоғары белсенділік көрсетеді. Мұндағы басты себеп – ауыл адамдарының бір-бірімен қарым-қатынасының тығыздығы.

Серіктес жаңалықтары