$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Әлеуметтік сауалнамаға қатысқандардың 70% астамы президенттік сайлауға баруға дайын

Социологиялық зерттеу 4-6 қараша аралығында жүргізілді

Әлеуметтік сауалнамаға қатысқандардың 70% астамы президенттік сайлауға баруға дайын
Фото: ашық дереккөзден

Биылғы 4-6 қараша аралығында «Қоғамдық пікір» зерттеу институты социологиялық сауалнама жүргізді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Сауалнама нәтижесі бойынша сайлаушылардың 2022 жылдың 20 қарашасында өтетін президенттік сайлауға әлеуетті келу деңгейі 71,6% құрайды. Бұл – дауыс беруге дайын адамдардың (55,4%) және дауыс беруі мүмкін адамдардың (16,2%) ортақ үлесі. Сауалнаманы жүргізу кезінде әлі ойланып жүрген респонденттердің үлесі 18,3% құрайды, олар өздерінің сайлауға қатысуын «50/50» деп бағалайды. Жауап берген адамдардың 6,1% сайлауға қатыспайтынын мәлімдеді. Әлі нақты шешім қабылдамағандар – 4%.

«Кезектен тыс президенттік сайлауда дауыс беруге дайын адамдардың арасында сайлаушылардың 78,8% Қ. Тоқаевтың кандидатурасын қолдауға ниет білдірді. Электоралдық рейтингтің екінші орнында Ж. Дайрабаев тұр – 2,8%. Үшінші орынға дауыстардың 1,8%-мен Н. Әуесбаев ие болды. Төртінші орынды С. Тұрсынбекова мен М. Қажыкен бөлісіп отыр – екеуіне де 1,6%-дан дауыс берген. Қ. Әбденге жауап бергендердің 0,8% өз дауысын беруге дайын. Барлық кандидатқа қарсы дауыс беретіндер – респонденттердің 3,2%-ы. Сауалнама жүргізілген сәтте сұралғандардың 9,4% әлі таңдау жасамаған», - дейді инстутут өкілдері.

Жалпы алғанда, жауап бергендердің 84,4% қараша айында өтетін сайлаудың адал өтетініне сөзсіз (65,2%) не болмаса солай өтуі тиіс (19,2%) деп сенеді. Әрбір оныншысы дерлік (11%) керісінше, басқа пікір ұстанады: бұған айтарлықтай сене қоймайды – 6,2%, мүлдем сенбейді – 4,8%. Айтуға қиналады – 4,6%.

«Сайлаушылар кандидатты таңдаған кезде оның бұл лауазымға сәйкестігін («ең лайықты кандидат» – 39,6%), өзінің жеке пікірін (сенімін) («мен оған сенемін» – 30,8%), кандидаттың елдегі проблемаларды шешу (15,9%) және азаматтарға лайықты өмір қамтамасыз ету (13,7%) қабілетін ескереді», - делінген зерттеуде.

«Қоғамдық пікір» зерттеу институты социологиялық зерттеуді осы жылдың 4-6 қараша аралығында жүргізді. Зерттеу үшін 17 облыстан және Астана, Алматы және Шымкент секілді қалалардан 18 жастан асқан 1200 респондент таңдалды. Зерттеу барысында телефон арқылы сауалнама жүргізу әдісі қолданылды. Ақаулығы ± 4% құрайды. Сауалнама ОСК-ның 30.09.2022 жылғы №ОСК-08-18/1179 хабарламасына сәйкес ОСК-ның ресми рұқсатымен жүргізілді.

Серіктес жаңалықтары