$ 521.67  592.46  6.32
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Абай облысының инфрақұрылымын дамыту үшін Үкіметтен мол қаржы бөлінбек

Сондай-ақ өңірді дамытудың бес жылдық жоспары қаралады

Абай облысының инфрақұрылымын дамыту үшін Үкіметтен мол қаржы бөлінбек

Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев жаңа өңірдің инфрақұрылымын дамыту үшін Үкіметтен мол қаражат бөлінетінін айтты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«2023-2027 жылдарға арналған кешенді даму жоспарына қатысты барлық жұмысты аяқтап, алдағы уақытта оны Үкіметке ұсынатын боламыз», - деді Нұрлан Ұранхаев.

Айта кетерлік жайт, ҚР Үкіметінің отырысында Абай облысын дамытудың бес жылдық жоспары қаралады.

Абай облысын дамытудың алдағы 5 жылға арналған кешенді жоспары ҚР Үкіметінің отырсында қаралады. Құжат жобасы дайын. Енді бейінді министрліктермен бірлескен жұмыс басталғалы тұр. Бұл туралы облыс әкімі Абай Нұрлан Уранхаев мәлімдеді.  Бекітілгеннен кейін кешенді жоспар жұртшылыққа жарияланатын болады.  

«Жоспарға барлық негізгі секторлар енгізілген. Оған ЖЭО және Аягөз – Бақты – Тачен теміржолының құрылысы, жеке инвестициялар, Айдарлы кен орнындағы тау-кен байыту комбинатының құрылысы, бүкіл өңір бойынша салынатын мектептер, балабақшалар, инфрақұрылым, емханалар құрылысы кіреді. Мұның бәрі жоспарда қарастырылған.

Сондай-ақ Семей қаласының жаңа бас жоспарына кірісіп жатырмыз.  Бұл үшін Астанадан ғылыми-зерттеу жобалау институтының өкілдерін шақырдық. Қазірдің өзінде алғашқы жұмыстар басталып кетті. Мысалы, Ертіс арқылы өтетін тағы бір көпір салына бастады. Одан бөлек, Жамбыл көшесінен «Пищевик» стадионына дейін Семей қаласының сол жағалауында жағалау салу жоспарланған. Бірнеше ойын залы бар Мұз сарайының жобасы бар. Жаңа театр салу жоспарда бар. Өйткені, бізде үш театр ұжымы бір ғимаратта жұмыс істеуге мәжбүр. Алда талай жоба-жоспар бар. Уақыты келгенде бәрін айтамыз, көрсетеміз», - деді облыс басшысы.

Серіктес жаңалықтары