Ішкі істер министрлігі аталған жайтқа қатысты түсініктеме берді
Қазан айында прокурорлық тексеруден кейін казиноға барғаны анықталған 305 мемлекеттік қызметкердің 88-і Ішкі істер министрлігінің қызметкері болған, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Аталған жайтқа қатысты ведомство басшылығы түсініктеме беріп, прокуратура хабарламасынан кейін тексеріс жүргізіліп, 17 қызметкер жұмыстан босатылғанын мәлімдеді.
«Құмар ойындарға қатысу фактілері анықталған қызметкерлерге қатысты «Құқық қорғау қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының талаптарына сәйкес тәртіптік шаралар қолданылды. 17 қызметкер жұмысынан босатылды», - делінген ІІМ баспасөз хабарламасында.
Сондай-ақ барлық бөлімше басшыларымен және жеке құраммен заң талаптарын сақтау бойынша профилактикалық жұмыстар жүргізілген.
«Бұл талаптар қызметкерлерге де, мемлекеттік қызметкерлерге де ұсынылады», - делінген хабарламада.
Айта кетсек, бұған дейін ҚР Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов казинода ойнаған әсери қызметшілерге қатысты қызметтік тергеуді басталғанын мәлімдесе, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі де өз қызметкерлеріне қатысты жағдайғатүсініктеме берген болатын.
Еске салайық, Еске салайық, бұған дейін Алматы облыстық прокуратура бірнеше облыстан келген түрлі мемлекеттік органдардың 305 қызметкерінің құмар ойындарға 507 миллион теңге жұмсағанын хабарлаған еді.