$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

«Қызметтік тергеу басталды»: Қорғаныс министрі казинода ойнаған әскери қызметшілер туралы

Тексеру жұмыстарының қорытындысы бойынша шешім қабылданбақ

«Қызметтік тергеу басталды»: Қорғаныс министрі казинода ойнаған әскери қызметшілер туралы
Фото: ашық дереккөзден

ҚР Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов казинода ойнаған әскери қызметшілерге қатысты қызметтік тергеу басталғанын айтты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.  

Ведомство басшысының айтуынша, тексеру жұмыстарының қорытындысы бойынша шешім қабылданады.

«Әскери қызметшілерге қатысты барлық факт бойынша қызметтік тергеу басталды. Тергеу қорытындысы мен бойынша олардың ары қарай қызметін жалғастыруына қатысты шешім қабылдаймын. Бірақ алдымен біраз тергеу жұмыстарын жүргізіп алу керек. Олар әскери қызметшілердің орташа құрамына кіреді. Жоғары лауазымды ешкім болмаған. Біле білсеңіздер, жоғарғы шенді кадрлардың уақыты жоқ, өйткені біз үнемі далада, жұмыс істеп жүреміз», - деді Мәжіліс отырысанан кейін тілшілер сауалына жауап берген Руслан Жақсылықов.

Ол әскери қызметшілердің казинода қанша сома «жоғалтқанына» қатысты пікір білдірді.

«Біздің әскери қызметшілер көп ақша жұмсамаған. Тәжірибесіз жастардың тірлігі», - деді министр.

Еске салсақ, қазан айында прокурорлық тексеруден кейін 305 мемлекеттік қызметкердің ойынханада 507 миллион теңге жұмсағаны белгілі болды. Олардың ішінде 95 әскери қызметші болған. 

Серіктес жаңалықтары