10.11.2022, 10:22
Жаңалықтар
Алматыда автобустарды бақылайтын 2 мың табло орнатылады
Таблолар қала аялдамаларына 2023 жылдан бастап қойылады
Фото: ашық дереккөзден
2023 жылы Алматыда 2 мыңға жуық қоғамдық көлікті бақылайтын табло орнатылады. Бұл туралы Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев Жетісу ауданының халқымен кездесуінде айтты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Әкімімен кездесуге келген тұрғынның бірі осы мәселені көтеріп, қала басшысына қоғамдық көлікті бақылайтын табло орнатуыңызды сұраймын, деді.
"Қала аялдамаларына таблоларды 2023 жылдан бастап қоямыз. Келесі жылы 2 мыңдай табло орнатуды жоспарлап отырмыз. Бюджеттен қаржы дайындап қойдық. «Оңай» траспорттық холдингімен қосылып, автобустардың жүру кестесін, нөмірлерін таблоға енгіземіз",-деді Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев.
Көп оқылған
07.10.2026, 16:45
Қазақ ғалымдары шұжықтың ішіндегі ит пен мысық, тышқан мен шошқаның етін лезде анықтайтын тест ойлап тапты
07.10.2026, 11:58
Тоқаев қорғаныс министрінің тағы бір орынбасарын жұмысынан қуды
07.10.2026, 10:58
Миллиардтаған ақшаны ысырап етпек болған: Қазақстан жолдарын жөндеу кезіндегі былықтың беті ашылды
07.10.2026, 18:00
Ақтауда балықтан уланған тоғыз жасар бала 20 күннен кейін көз жұмды