$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Антикор өз қызметкерлерінің казинода не істеп жүргеніне қатысты түсініктеме берді

Алматы облысы прокуратурасы 305 мемлекеттік қызметкердің казиноға барғанын анықтады

 

 

Антикор өз қызметкерлерінің казинода не істеп жүргеніне қатысты түсініктеме берді
Фото: Устинка LIVE

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі бірнеше қызметкерінің казиноға барғаны туралы ақпаратқа қатысты пікір білдірді деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Алматы облысы прокуратурасының желіде жарияланған құжатына сәйкес, 305 мемлекеттік қызметкер казиноға барған. Оның үшеуі Антикор қызметкері болған.

«Хат бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің үш қызметкерінің ойынханаға барғаны тіркелді. Бірінші жағдайда тексеру қорытындысы бойынша аталған тұлғалардың бірінің басқа облыста жұмыс істеген бұрынғы қызметкер екені анықталды. Ол ойын мекемесіне барған кезде жеке ұйымда жұмыс істеп жүрген», — деп хабарлады Антикор.

Ведомство мәліметіне сәйкес, екінші қызметкердің казиноға ресми жедел-іздестіру іс-шараларына байланысты барғаны көрсетілген.

«Ол ойынға ақша төлемеген және казинода небәрі 10 минут болған, бұл бейнежазбалармен расталады», - делінген жауапта.

Ал үшінші жағдайда белгісіз біреудің ойынханаға барған кезде сол уақытта Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің басқа қалада қызмет орнында болған қызметкерінің жеке мәліметтерін бергені анықталды.

«Жалған құжат жасау дерегі фото және бейнежазбалармен расталды. Қазір казино әкімшілігі ішкі қызметтік тексеру жүргізіп жатыр. Тұлғаның жеке басы анықталып жатыр», - деп хабарлады Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет.

Тақырыпқа орай: «Қызметтік тергеу басталды»: Қорғаныс министрі казинода ойнаған әскери қызметшілер туралы

Еске салайық, бұған дейін прокуратураның құжатына сәйкес, бірнеше облыстан келген түрлі мемлекеттік органдардың 305 қызметкерінің құмар ойындарға 507 миллион теңге жұмсағаны хабарланған болатын.

Серіктес жаңалықтары