$ 498.55  524.28  4.75
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Ресей Херсонды не үшін және қанша уақытқа тастап шыққанын түсіндірді

Суровикиннің айтуынша, Кахов су электр станциясының жарылуы қаупі жоғарылаған

Ресей Херсонды не үшін және қанша уақытқа тастап шыққанын түсіндірді
Коллаж: pravda.com.ua

«Арнайы операция» аймағындағы біріккен әскерлер тобының қолбасшысы Сергей Суровикин Ресей Қорғаныс министрі Сергей Шойгуға Херсон облысындағы әскерлердің маневрі туралы мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy тілшісі «Известия» басылымына сілтеме жасап. 

Суровикиннің айтуынша, шегінудің астарында сақтық шаралары жатыр. Кахов су электр станциясының жарылуы қаупі жоғарылаған. Украина әскерлері Кахов су электр станциясының бөгетіне, сондай-ақ оның су төгетін қақпаларына тұрақты соққылар жасаған.

«Егер Киев режимі су қоймаларынан су ағынын одан әрі арттыруға баратын болса немесе Кахов бөгетін күшті зымыранмен атқыласа, алапат су тасқыны боулы мүмкін. Бебіт тұрғындар айтарлықтай шығынға ұшырайды. Днепрдің оң жағалауындағы әскерімізді толығымен оқшаулауға қосымша қауіп төнеді», - деді ол.

Фото: РИА Новости

Суровикин бұл жағдайда ең қолайлы нұсқа өзеннің тосқауыл шекарасы бойынша қорғанысты ұйымдастыру екенін айтты.

«Жағдайды жан-жақты бағалай отырып, Днепр өзенінің сол жағалауынан Қорғаныс шебін құру ұсынылады. Мен бұл өте қиын шешім екенін түсінемін, сонымен бірге біз ең бастысы — әскери қызметшілеріміздің өмірін және тұтастай алғанда әскерлер тобының жауынгерлік қабілетін сақтаймыз, оны оң жағалауда, шектеулі ауданда ұстау тиімсіз», — деді Сергей Суровикин.

Сонымен қатар ол маневр арқылы күштер мен құралдардың бір бөлігі босатылатынын атап өтті, оны басқа бағыттарға шабуыл жасау үшін де қолдануға болады. Суровикин Херсонды тастап шығудың қарымта жауабы жақын арада жүзеге асырылатынын да ескертті.

БАЙДЕН РЕСЕЙ ӘСКЕРІНІҢ ХЕРСОННАН ШЕГІНУІ ТУРАЛЫ МӘЛІМДЕМЕСІНЕ ТҮСІНІК БЕРДІ

Америка Құрама Штаттарының президенті Джо Байден Мәскеудің Херсоннан шегіну туралы мәлімдемесінің түбінде не жатқанын түсіндірді. АҚШ Президенті бұл шегіністі Ресей Федерациясы Қарулы Күштеріндегі проблемаларды көрсетеді деп санайды.

«Ең алдымен, мен олардың бұл шешім арқылы не күткенін қызықты деп санаймын және біз  олай болатынын бұрыннан білдік.  Сайлау аяқталғанға дейін (АҚШ-та)... Бұл шешім олардың, Ресей армиясының үлкен проблемасы бар екенінің дәлелі», - деді Байден Конрестегі баспасөз мәслихатында. 

9 қараша күні түстен кейін Украинадағы Ресей оккупациялық күштерінің қолбасшысы Сергей Суровикин Ресей Федерациясының әскери күштерін Днепрдің сол жағалауына өтіп, Херсонды тастап шығатындарын мәлімдеді. Алайда, Украина президентінің Кеңсесі Херсонда ресейлік әскери күштердің едәуір тобы әлі де сақталғанын және олардың соғыссыз шегінгісі келмейтінін айтты.

Президент Владимир Зеленский оңтүстіктегі Украина қорғаныс күштерінің қарсы шабуылдан барынша сақтана отырып алға жылжып жатқанын айтты, өйткені жау өз позициясыынан әлі де бас тартпағанын мәлімдеді.  

Серіктес жаңалықтары