Өзін вице-министрмін деп балабақшадан 1 млн теңге талап еткен адам сотталды – Антикор

Azattyq Rýhy

Үкім заңды күшіне енген жоқ

Өзін вице-министрмін деп балабақшадан 1 млн теңге талап еткен адам сотталды – Антикор
Фото ашық дереккөзден

9 қарашада Ақтау қалалық сотымен алаяқтық және пара беруге итермелегені үшін Кәрімов және Батырханов мемлекеттік қызметте қызмет атқаруға өмір бойына тыйым сала отырып, сәйкесінше 7 жыл 6 айға және 7 жылға бас бостандығынан айыруға сотталды. Бұл туралы Azattyq Ruhy ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Агенттік Төрағасының көмекшісі атын жамылған Кәрімов Ақтау қаласы әкімдігінің лауазымды тұлғаларынан коммерциялық объектілерді орналастыру мақсатында оның атына Каспий теңізінің жағалауындағы жер учаскесін ресімдеуді талап еткені үшін кінәлі деп танылды.

«Бұдан басқа, 2020 жылғы ақпанда Кәрімов Батырхановпен алдын ала сөз байласу бойынша адамдар тобында әрекет етіп, өзін Білім және ғылым вице-министрі және Алматы қаласы әкімінің көмекшісі ретінде көрсете отырып, балабақша меңгерушісінен әкімшілік жауапкершілікке тартпағаны үшін 1 млн теңге талап еткен.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет алаяқтар өздерін мемлекеттік органдардың қызметкерлері ретінде көрсете отырып, қылмыстық-жазаланатын іс-әрекеттер жасайтын жалғасып жатқан жағдайларға назар аударады.

Барлық осындай фактілер туралы Агенттікке 8 7172 909 408 телефоны немесе 1424 Call-орталығына жедел хабарлауды сұраймыз», - делінген хабарламада.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.