09.11.2022, 11:16
Жаңалықтар
Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымының саммитіне қатысу үшін Самарқандқа барады
Іссапар 10-11 қарашаға жоспарланып отыр
Фото: ашық дереккөзден
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымының саммитіне қатысу үшін Самарқанд қаласына жұмыс сапарымен барады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Ақорданың баспасөз қызметі мәлім еткендей, іссапар 10-11 қарашаға жоспарланып отыр.
«Жиын барысында мемлекеттер басшылары ТМҰ аясындағы сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты одан әрі дамыту перспективаларын қарастырады», - делінген хабарламада.
Сондай-ақ саммит қатысушыларымен екіжақты кездесулер өткізу жоспарланып отыр.
Көп оқылған
18.09.2026, 06:30
Ақтауда барда демалып отырған ер адамға оқ атқан: қылмыскер бес жыл арқалап кетті (ВИДЕО)
18.09.2026, 11:55
«Бәріне ортақ лифтіні меншіктеп алған»: Астанада 78 жастағы қария «Әділет» партиясына жүгініп, мәселесін шешті
18.09.2026, 09:59
Көшеде тұрған бозбаланы атып, өлтіріп кеткен: Түркістанда алты адам ұзақ жылға сотталып кетті
18.09.2026, 11:50
Қазақстан тарихында ең ыстық жаз биыл болды