09.11.2022, 11:41
Жаңалықтар
Алматыда жүкті әйел 8-қабаттан секіріп кетті
Оқиға «Алма сити» тұрғын үй кешенінде болған
Жергілікті полиция оқиғаны растап, келіншектің жасы 22-де екенін айтты. Әйелдің не себепті мұндай қадамға барғаны анықталып жатыр, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
«Алматы қалалық Полиция департаменті, аталған дерек Наурызбай аудандық Полиция басқармасымен ҚР ҚК-нің 105-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелгенін хабарлайды. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Оқиғаның себебі мен басқа да мән-жайлары анықталып жатыр», - деп мәлімдеді Алматы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Көп оқылған
14.11.2026, 06:21
Ғылым және жоғары білім министрлігінде ауыс-түйіс: вице-министр қызметінен босатылды
14.11.2026, 07:19
Қазақстанда алдағы үш күнде ауа райы күрт өзгереді
