«Біздің электорат әйелдерден тұрады» - Жанғазинова

Azattyq Rýhy
«Біздің электорат әйелдерден тұрады» - Жанғазинова
фото: 24.kz

Президенттікке кандидат Салтанат Тұрсынбекованың республикалық штабының басшысы Назым Жанғазинова «Atameken Business» телеарнасына берген сұхбатында үгіт-насихат жұмыстарының алғашқы екі аптасының қорытындысы туралы айтып берді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Сұхбатында Жанғазинова кандидат пен оны барлық әйелдер қауымының неліктен қолдайтыны жайында әңгімеледі.

«Салтанат Тұрсынбекова – өмір бойы адвокаттық қызметпен айналысқан жан. Бірақ ол қызметінде ешқашан адам құқықтарын ер немесе әйел деп бөлген емес. Адамның құқықтары бөлінбеу керек, сонымен қатар мұндай олқылық пен кемсітушілікке жол бермеу керек. Тиісінше, біз тек әйелдерден тұратын электоратқа ғана мән бермейміз, бірақ әйелдер тарапынан кері байланыс өте көп келеді. Себебі, Салтанат Тұрсынбекова соңғы 5 жылда тұрмыстық зорлық-зомбылықпен күресуге барын салуда», - деп атап өтті бағдарлама кейіпкері.

Өңірлердегі дағдарыс орталықтары мен отбасын қолдау орталықтарының көп өкілдері кандидат туралы бұрыннан біледі.

 

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.