$ 498.34  519.72  4.85
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Халықтық коалиция атынан әр сайлау учаскесінде кем дегенде 2 бақылаушы болады

Халықтық коалиция атынан әр сайлау учаскесінде кем дегенде 2 бақылаушы болады
Фото: ашық дереккөзден

Халықтық коалиция атынан әр сайлау учаскесінде кем дегенде 2 бақылаушы болады. Бұл туралы AMANAT партиясының атқарушы хатшысы Асхат Оралов мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Қазақстанда президент сайлауының әділ, заңды өтуін қадағалау үшін 30 мыңнан астам бақылаушы дайындалады.

Асхат Ораловтың мәліметінше, Қасым-Жомарт Тоқаевтың сайлауалды штабында сенімді өкілдермен, бақылаушылармен жұмыс істейтін арнайы бөлім ашылған. Оның негізгі мақсаты  - сайлау барысын қадағалайтын білікті бақылаушыларды оқытып, дайындау.

«Біз 1 айдың көлемінде 30 мыңнан астам бақылаушыны дайындаймыз. Қазақстанда 10 мыңнан аса сайлау учаскелері бар. Әр сайлау учаскесінде Халықтық коалиция атынан кем дегенде 2 бақылаушы болады» , - деді Асхат Оралов.

Сонымен қатар ол болашақ бақылаушылармен онлайн және офлайн форматта жұмыс жүргізіліп жатқанын атап өтті.

Серіктес жаңалықтары