ШұғылҮржар ауданында күдікті полиция бөлімінде қайтыс болды

Елордада алдағы күндері боран болады

Төтенше жағдай туындағанда тұрғындар «112» нөміріне хабарласа алады

Фото: ашық дереккөзден

Нұр-Сұлтан қаласының Төтенше жағдайлар департаменті 18, 19 ақпанда боранды ескерту жарияланғанын мәлімдейді. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы 23 м/с жетеді, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Төтенше жағдайлар департаменті елорда тұрғындары мен қонақтарына қала сыртына шығудан бас тартып, сақ болуды, ауа райының өзгеруі және енгізілген шектеулер туралы ақпаратты қадағалауды ұсынады.

Тас жолдардың жабылуы туралы ақпаратты «112» қызметінен SMS хабарламалар арқылы, «Smart Astana» қосымшасында білуге болады. Сондай-ақ енгізілген шектеулер туралы мәліметті «Darmen» қосымшасынан бақылауға болады. Қосымшаны Playmarket немесе Appstore арқылы тегін жүктеуге мүмкіндік жасалған.

Құрылыс объектілерінің басшылығы қолайсыз ауа райы жағдайы әсерінен аумақтарды және тұрғындарды қорғау, құрылыс алаңдарында мүмкіндігінше құрылыс-монтаж жұмыстарына шектеу бойынша қосымша шараларды қабылдау қажет.

Төтенше жағдай туындағанда тұрғындар «112» нөміріне қоңырау шала алады.