18.02.2020, 01:55
Жаңалықтар
Энергетика министрлігінің екі бірдей қызметкеріне қатысты сот отырысы жалғасуда
Олар аса ірі көлемде мемлекет қаржысын талан-таражға салды деп айыпталып отыр
Фото: ашық дереккөзден
Аса ірі көлемде мемлекет қаржысын талан-таражға салды деп айыпталған Энергетика министрінің екі бірдей орынбасарына қатысты сот отырысы жалғасып жатыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі 24.kz-ке сілтеме жасап.
Бүгін Щучинск-Бурабай аймағындағы Қарасу көлін тазарту жұмыстарына байланысты мердігер ұйымның басшысы жауап берді. Ол Энергетика министрлігімен арада жасалған келісімнің мән-жайын түсіндіріп, 2016 жылдың мамыр айында жоба құнын қалай арттырғанын айтты.
Айта кетейік, бұрынғы энергетика вице-министрі Ғани Сәдібеков жолды тазалау жұмыстарының құнын әдейі 5 миллиардтан 7,5 миллиард теңгеге арттырды деп айыпталуда.
Көп оқылған
14.11.2026, 06:21
Ғылым және жоғары білім министрлігінде ауыс-түйіс: вице-министр қызметінен босатылды
14.11.2026, 07:19
Қазақстанда алдағы үш күнде ауа райы күрт өзгереді
