03.11.2022, 11:34
Жаңалықтар
Алматы әкімі аялдамада автобус күтіп жарты сағат тұрған
Шаһар басшысы келер жылы 300 жаңа автобус пен 100 троллейбус сатып алынатынын айтты
Фото: әлеуметтік желі
Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев Алмалы ауданының тұрғындарымен кездесуінде қоғамдық көліктегі проблемаларды айтты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Ерболат Досаев қалада қоғамдық көлік жетіспеушілігіне байланысты 300 жаңа автобус пен 100 троллейбус сатып алуды жоспарлап отырғанын мәлімдеді.
«Өз басым №32 автобусты 33 минут күттім, себебі сол күні 4 автобус бағыт бойынша жүрмей қалған. Бізде қорда басы артық автобус жоқ. Сондықтан келер жылдың ішінде 300 жаңа автобус пен 100 троллейбус сатып аламыз. Мәселені қалай да шешу қажет», - деді Е. Досаев.
Көп оқылған
28.09.2026, 17:24
«Жиналысты азайтамыз»: су жаңа Қорғаныс министрі жаңа қызметте бірінші кеңесін өткізді
28.09.2026, 12:40
«Қаралы күн, біз үшін өліп пе?»: сарбаздардың рухына тіл тигізген ер адам қамауға алынды (ВИДЕО)
28.09.2026, 12:21
Жеті күн ішінде қаржы есебі, он күнде арнайы жоспары дайын болу керек: Қарин әскердегі реформа туралы нақты даталарды атады
28.09.2026, 15:35
Қазақстан аумағында бір күнде үш мәрте жер сілкінді