$ 511.22  540.05  4.73
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
17.02.2020, 17:20
Жаңалықтар

Шымкентте заңсыз қару жасаған қылмыстық топ мүшелері сотталды

Олар атыс қаруын заңсыз жасап, оны өткізумен айналысқан

Шымкентте заңсыз қару жасаған қылмыстық топ мүшелері сотталды
Фото: баспасөз қызметінен

Шымкент қаласының Әл-Фараби ауданының соты атыс қаруын заңсыз жасаумен және оны өткізумен айналысқан қылмыстық топ мүшелеріне қатысты үкім шығарды. Бұл туралы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.

«К. Дрейлинг ҚР ҚК 287-бабы 4-бөлігі («Қаруды, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттарды және жарылыс құрылғыларын заңсыз иемдену, беру, өткізу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру») және 288-бабы 2-бөлігі («Қаруды заңсыз жасау») бойынша қылмыс жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 5 жыл мерзімге бас бостандығынан айырылды. Ю. Разин осыған ұқсас қылмыс жасағаны үшін 4 жылға бас бостандығынан айрылды. Р. Ибрагимов пен В. Завзин 3 және 4 жылға шартты түрде сотталды», - деп жазылған комитет таратқан хабарламада.

Еске сала кетейік, 2019 жылғы шілдеде ҰҚК органдарының арнайы операциясы нәтижесінде әшкереленген қылмыстық топ әрекетінің жолы кесілді. Қару (демилитарландырылған, дыбыспен әсер ететін патронмен атуға арналған) Ресейден Қазақстанға әкелініп, жасырын жағдайда жауынгерлік етіп қайта жасалған. Заңсыз айналымнан 8 «Калашников» автоматы, 2 «Макаров» тапаншасы және оларға оқ-дәрілер алынды. Қаруды түрлендіру бойынша айналысқан цех жойылды.

Серіктес жаңалықтары