01.11.2022, 10:17
Жаңалықтар
Асхат Аймағамбетов мектептегі орын тапшылығы қалай шешілетінін айтты
Келесі жылы Алматыда 20 мектеп салынады
Фото: ашық дереккөзден
Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов Үкімет отырысында мектептердегі тапшылық мәселесі қалай шешілетінін айтты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy тілшісі.
Мемлекет басшысы «Жайлы мектеп» ұлттық жобасын жүзеге асыруды тапсырған болатын.
«Ұлттық жоба аясында 2025 жылдың соңына дейін 800 мыңнан астам оқушы орны беріледі. Ол апаттық және үш ауысымды мектептердің жағдайын шешеді. Жаңа мектептер үшін құрылыс пен жабдықтаудың бірыңғай стандарты мен қазіргі заманғы технология қолданылады. Келесі жылы Алматы әкімдігімен бірлесіп жаңа 20 мектептің салуды жоспарлап отырмыз. Сәйкесінше, 2024 жылы Алматыда 80 мың орын тапшылығы толығымен шешіледі. Астанада да осындай жоспарымыз бар», - деді Аймағамбетов.
Көп оқылған
28.09.2026, 17:24
«Жиналысты азайтамыз»: су жаңа Қорғаныс министрі жаңа қызметте бірінші кеңесін өткізді
28.09.2026, 12:40
«Қаралы күн, біз үшін өліп пе?»: сарбаздардың рухына тіл тигізген ер адам қамауға алынды (ВИДЕО)
28.09.2026, 12:21
Жеті күн ішінде қаржы есебі, он күнде арнайы жоспары дайын болу керек: Қарин әскердегі реформа туралы нақты даталарды атады
29.09.2026, 13:55
Бес жасар қыз баланы балабақша қызметкері бірнеше рет зорлаған: іске президенттің қызы араласты (ВИДЕО)
28.09.2026, 15:35
Қазақстан аумағында бір күнде үш мәрте жер сілкінді