$ 518.57  566.59  6.05
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қарашада күн суытып, -25 градусқа дейін аяз болуы мүмкін

«Қазгидромет» осы айға арналған ауа райы болжамын жариялады

Қарашада күн суытып, -25 градусқа дейін аяз болуы мүмкін
Фото: ашық дереккөзден

Қараша айында республика бойынща ауа температурасы климаттық норма шамасында болады. Елдің батыс жартысында жауын-шашын нормадан аз, шығыста - норма шамасында жауады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Қазгидромет» РМК хабарлауынша, қараша айының басында ауа райы тұрақсыз болады.

«Жауын-шашын жаңбыр мен жылбысқы қар түрінде болады, республиканың оңтүстігінде әлі де көбінесе жаңбыр жауады. Атмосфералық фронттармен байланысты ең күшті жауын-шашын еліміздің солтүстік-батысында, солтүстігінде жауады, орталығында көктайғақ болып, жел 15-28 м/с дейін жетеді, жекеленген аудандарда көктайғақ болуы мүмкін», - делінген хабарламада.

Қарашаның алғашқы күндерінде ел аумағы бойынша ауа температурасы түнде -5+5°С, күндіз +1+9°С, еліміздің оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында жылы болады - күндіз +10+18°С болады.

«Бірінші онкүндіктің ортасынан бастап белсенді циклон шығыс бағытта жылжып Қазақстан аумағынан кетеді, бұл циклонның ізінен Қара теңіз аймақтарынан антициклон таралып, жауын-шашын батыс өңірлерде тоқтайды, онкүндіктің соңында республиканың қалған аумағында да жауын-шашын тоқтайды. Ауа температурасы еліміздің солтүстік жартысында түнде -3-13°С-қа дейін, күндіз -5+2°С-қа дейін, оңтүстік жартысында түнде -5+2°С-қа дейін, күндіз 0,+8°С-қа дейін біртіндеп төмендейді”, - делінген хабарламада. 

Айдың екінші және үшінші онкүндігінде Қазақстан аумағында Солтүстік теңіз, Батыс және Шығыс Сібір аудандарынан суық ауа массалары жиі келіп, тұрақсыз ауа райы болжанады. Термометрлер бағаны: 

солтүстік жартысында түнде -17-25°С-қа дейін, күндіз -5-12°С-қа дейін; 

оңтүстік жартысында түнде -10-17°С-қа дейін, күндіз -3-10°С-қа дейін түсуі мүмкін.

Алайда Қазақстан аумағына Атлантика мен Иран аумағынан ауа массалары түсетін жылы күндер де болады.

Серіктес жаңалықтары