Қазақстанда цифрлық қызметтерді енгізу деңгейі әлдеқайда жоғары – Михаил Ломтадзе
Елімізде ІІІ халықаралық «Шекарасыз финтех. Digital Eurasia» ПЛАС-форумы өтті
2022 жылдың 26 қазанында ІІІ халықаралық «Шекарасыз финтех. Digital Eurasia» ПЛАС-форумына 28-ден астам елден қонақ қатысты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Kaspi.kz басшысы және негізін қалаушылардың бірі Михаил Ломтадзе сөз сөйлеп, Қазақстанда инновациялардың немесе цифрлық қызметтердің енгізілу деңгейі форумға қатысушылар келген 28 елмен салыстырғанда әлдеқайда жоғары екенін айтты. Дәлел ретінде ол Kaspi.kz-тегі қазақстандықтар мен шетелдіктердің пікірін келтірді.
«Мен басқа елдерді ренжіткім келмейді, дегенмен Қазақстанда бәрі керемет екенін және біз оны мақтан тұтатынымызды айтқым келеді», - деді Михаил Ломтадзе.
Kaspi.kz басшысының айтуынша, Қазақстан орасан зор серпіліс жасап, керемет нәтижелер көрсетті. Соңғы үш жылда елімізде қолма-қол ақшасыз есеп айырысу 5 еседен астам, электронды коммерция 3 еседен астам өсті, Kaspi.kz суреркосымшасы арқылы 8,5 миллион адам мемлекеттік қызметтерді пайдаланады.
Kaspi.kz қызметін 400 мыңнан астам компания пайдаланады. Kaspi.kz – елдегі инновацияның локомотиві және алға сүйреуші. Компания үнемі инвестиция құйып, ең заманауи технологияларды жасайды және олар қазақстандық компанияларға, негізінен шағын және орта бизнеске қолжетімді. Технологиялық платформаларға қосылу арқылы компаниялар сату көлемін арттырады, бизнесін дамытады және қосымша жұмыс орындарын ашады.