$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Теміртауда жылу желісіндегі апат салдарынан 58 тұрғын үй жылусыз қалды

Апат жылу жүйесіндегі тіректердің бірінің дұрыс орнатылмауына байланысты туындаған

Теміртауда жылу желісіндегі апат салдарынан 58 тұрғын үй жылусыз қалды
Фото ашық дереккөзден

Қарағанды облысының Теміртау қаласындағы 58 тұрғын үй кешеден бері жылусыз отыр. Оған жылу желісінде орын алған апат себеп болған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Теміртау қалалық әкімдігіне сілтеме жасап.

Әкімдіктің мәліметінше, апат кеше түнде жылу магистралінің жөнделіп жатқан бөлігінде болды.

Апат жылу жүйесіндегі тіректердің бірінің дұрыс орнатылмауына байланысты туындаған. Соның салдарынан 6-шы шағынаудандағы 58 көп қабатты тұрғын үй жылусыз қалды. Қазір апаттың салдарын жою жұмыстары жүргізіліп жатыр.

«Өкінішке қарай мердігерлік мекеменің қызметкерлері жетіспей жатыр. Сол себептен қосымша көмек ретінде «АМТ» мекемесі көмек беруде. Аз уақытта апат болған аумақтағы ақауларды жою үшін барлық қажетті іс-шараларды атқаратын боламыз. «Оқжетпес-Т» ЖШС басшысына жылу болмаған уақыт бойынша аудан тұрғындарына төлем есептемеу бойынша тапсырма берілді», - деді «Теміртау қаласының коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ басшысы Ринат Қыдырбеков.

Серіктес жаңалықтары