$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Түркістан облысында жол апаты салдарынан жүргізуші қаза тапты

Жеңіл көлік жүргізушісі аурухананың жансақтау бөлімінде көз жұмды

Түркістан облысында жол апаты салдарынан жүргізуші қаза тапты

Түркістан облысында жүк көлігінің қатысуымен жол апаты орын алды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

28 қазанда Түлкібас ауданы полициясының кезекші бөліміне Батыс Қытай - Батыс Еуропа тас жолының 651 шақырымында жол апаты орын алғаны туралы хабарлама келіп түсті. Оқиға орын алған жерге полиция қызметкерлері шұғыл жетті.

Шымкент қаласының тұрғыны Renault жүк көлігімен Алматыдан Шымкентке өзімен бір бағытта жүріп келе жатқан Mazda 626 көлігінің артқы бөлігін соғып, жол-көлік оқиғасын жасаған.

Салдарынан Mazda 626 көлігінің жүргізушісі ауруханаға жеткізіліп, жансақтау бөлімінде қайтыс болды.

«Қазіргі таңда ҚР ҚК-нің 345-бабы (Жол қозғалысы және көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзу) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Оқиғаның барлық мән-жайы анықталу үстінде», - деді Түлкібас аудандық полиция бөлімінің инспекторы Рауан Қалшораев.

Серіктес жаңалықтары

Мақалада

#жол апаты