$ 515.18  570.66  6.06
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қарашадан бастап Астанадан Павлодарға тікелей әуе рейстері ашылады

Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі мәлім етті

Қарашадан бастап Астанадан Павлодарға тікелей әуе рейстері ашылады
Фото: ашық дереккөзден

1 қарашадан бастап Астана-Павлодар бағытындағы тікелей әуе рейстері ашылады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Мемлекет басшысының Павлодар облысына жұмыс сапарының қорытындысы бойынша Астана-Павлодар бағыты бойынша тікелей әуе рейстерін ашу тапсырылған болатын. Осыған орай ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Азаматтық авиация комитеті тиісті жұмыстарды жүргізді», - делінген ҚР ИИДМ баспасөз хабарламасында.

Осылайша, биылғы 1 қарашадан бастап «Qazaq Air» авиакомпаниясы аптасына 4 рет жиілікпен әлеуметтік маңызы бар Астана – Павлодар авиамаршрутын іске қосты.

«Аталған бағыттағы билеттер құны 10 мың теңге көлемінде және оны сату бүгінгі күннің соңына дейін басталады», - делінген хабарламада.

Серіктес жаңалықтары