$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
16.02.2020, 14:29
Жаңалықтар

Қытайдан эвакуацияланған 89 студент ауруханадан шықты

Олар елордадағы көпсалалы медицина орталығында бақылауда болды

Қытайдан эвакуацияланған 89 студент ауруханадан шықты
Фото: 24.kz

Бүгін Қытайдың Ухань қаласынан келген 89 студент елордағы көпсалалы медицина орталығынан шықты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі 24.kz-ке сілтеме жасап.

Олар 14 күн бойы инфекциялық дәрігерлердің бақылауында болды. Алтауы – Беларусь пен Армения елінің азаматтары. Тиісті ем алып шыққандарды шағын автобустар мен жедел жәрдем көліктері әуежайға дейін апарып тастады. Әрі қарай оларды еліміздің әр түкпіріндегі жергілікті мамандар қарсы алады. 

Еске салайық, екінші ақпан күні Қазақстан Ухань қаласына арнайы ұшақ жіберіп, сонда сапарда жүрген жерлестерімізді елге алдырды. Келген бетте олар оқшауландырып, ауруханаға жатқызылған. 

«Біз келген бетте сол күні барлық зерттеулерді бастап жасадық. Барлық зерттеудің қорытындысы бойынша вирусқа шалдыққан адамдар жоқ. Біз жергілікті әр өңірге мәлімет жібереміз. Әрі қарай олар жергілікті дәрігерлердің бақылауында болады», - деді «Көпсалалы медицина орталығы» КММ директоры Мұхтар Төлеутаев.

Серіктес жаңалықтары