ШұғылМәжіліс депутаттарының сайлауы 2021 жылдың 10 қаңтарында өтеді

Шекаралас елдерде оқитын өзбекстандық студенттер отанына оралып жатыр - БҒМ

Ол Өзбекстан азаматтарының өзбекстандық жоғары оқу орындарына ауысу туралы өтініштерін түсіндірді

Фото: ашық дереккөзден

Білім және ғылым вице-министрі Мирас Дәуленов Facebook желісіндегі парақшасында Өзбекстан азаматтарынан өзбекстандық жоғары оқу орындарына ауысу туралы өтініштер түсуін түсіндірді, деп хабарлайды деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

«Баршаңызға мәлім, соңғы уақытта еліміздің жоғары оқу орындарында оқитын Өзбекстан азаматтарынан өзбекстандық жоғары оқу орындарына ауысу туралы өтініштер түсе бастады. Олардың мұндай шешім қабылдауының себебі Өзбекстан елшілігінің өкілдерімен кездесу барысында айқындалды. Бұл жағдай, ең алдымен Өзбекстанда жоғары білімге қол жеткізу мүмкіндігінің артуына байланысты туындап отыр», - деп жазды Мирас Дәуленов.

Оның мәліметінше, өзбекстандық студенттер тек біздің елден емес, сонымен қатар, бірқатар шекаралас елдің жоғары оқу орындарынан да өз тарихи отанына ауысып жатыр екен. 

«Қазіргі таңда әлемде халықтың басым бөлігінің жаппай жоғары білім алуға ұмтылу үрдісі байқалады. Барлық жерде академиялық ұтқырлық бойынша кедергілер жойылды. Туындап отырған жағдай қазақстандық жоғары оқу орындарына кері әсер етпейтін табиғи процесс. Қазақстанда 2017 жылы студенттерді шетелдік жоғары оқу орындарынан отандық жоғары оқу орындарына ауыстыру кезінде кешенді тестілеу тапсыру талабы алып тасталғанын естеріңізге саламын. Аталған шараның нәтижесінде тек 2017 жылдың ішінде 37 мыңнан аса студент Қазақстанның жоғары оқу орындарына ауысу мүмкіндігіне ие болған еді», - деп түсіндірді вице-министр.