$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
15.02.2020, 09:07
Жаңалықтар

15 ақпанға арналған ауа райы болжамы

Сенбі күні елімізде ауа райы құбылмалы болады

15 ақпанға арналған ауа райы болжамы
Фото: ашық дереккөзден

Синоптиктер 15 ақпанға арналған ауа райы болжамын ұсынады, деп хабарлайды  Azattyq Rýhy тілшісі «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты республиканың басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады. Елдің солтүстік бөлігінде - қар, оңтүстік жартысында - жауын-шашын жауады. Тек республиканың шығысында күн ашық болады. Кей жерлерде тұман, көктайғақ, бұрқасын болып, жел күшейеді.

Жамбыл, Түркістан облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі, жел 15-20, күндіз екпіні 23-28 м/с күшейеді.

Қызылорда облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі, күндіз кей жерлерде жел 15-20 м/с күшейеді.

Маңғыстау облысының кей жерлерінде тұман, түнде көктайғақ күтіледі, күндіз жел 15-20 м/с күшейеді.

Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман, жаяу бұрқасын күтіледі, күндіз жел 15-20 м/с күшейеді,

Солтүстік Қазақстан облысында көктайғақ күтіледі.

Қарағанды облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын, тұман күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді.

Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, түнде және таңертең тұман күтіледі.

Алматы облысының Жалаңашкөл ауданында жел 15-20 м/с күшейеді, түнде және таңертең кей жерлерде тұман күтіледі.

Ақмола облысында түнде кей жерлерде жаяу бұрқасын күтіледі.

Ақтөбе, Павлодар, түнде Батыс Қазақстан, Атырау облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, Атырау облысында түнде кей жерлерде көктайғақ болады.

 

Серіктес жаңалықтары