ШұғылҚазақстанда өткен тәулікте 78 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды

Әкімшілік заңбұзушылық туралы ақпарат желіде таралған жоқ - Бас прокуратура

Кибер шабуылдарды талдау және зерттеу орталығы Бас прокуратураның ақпарат жүйесінен қазақстандықтардың жеке мәліметі желіге түскенін мәлімдеген болатын

Фото: ашық дереккөзден

Кибер шабуылдарды талдау және зерттеу орталығы Бас прокуратураның ақпарат жүйесінен қазақстандықтар туралы мәлімет жайылып кеткенін хабарлаған болатын. Бас прокуратура комитеті әкімшілік заңбұзушылық туралы ақпарат желіде таралмағанын алға тартып отыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

«Бас прокуратураның құқықтық статистика және арнайы есеп жөніндегі комитеті тексеріс жүргізді. Арнайы сәйкестендірусіз жүйеге кіру мүмкін емес. Кибер шабуылдарды талдау және зерттеу орталығымен бірлесе жүйеге кері әсер ететін қауіп анықталды. Алайда олар сақталған мәліметке әсер ете алмайды. Бұл қауіп жойылды. Ақпарат жүйесін құру кезінде жеке ақпаратты сақтауға ерекше көңіл бөлінеді», - деді комитеттің баспасөз қызметінің өкілдері.

Естеріңізге сала кетсек, Кибер шабуылдарды зерттеу және талдау орталығы Бас прокуратураның ақпараттық жүйесінен қазақстандықтар туралы жеке мәліметтер бірнеше ай бойы желіге тарап жатқанын хабарлаған еді. Орталық берген мәлімет бойынша, ашық дереккөздерге Қазақстанда әкімшілік заң бұзушылық жасаған қазақстандықтар мен шетелдіктер туралы мәліметтер тараған.