Коронавирустан қаза тапқандар саны 1523-ке жетті

Вирус жұқтырғандар саны - 66 492

Фото: ap.com

ҚХР Денсаулық сақтау мәселелері бойынша мемлекеттік комитеті таратқан мәліметке қарағанда, Қытайда коронавирус жұқтырғандар саны 66 492-ге жетті. Оның 1523-і қаза тауып, 8096 адам емделіп шықты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі РИА Новостиға сілтеме жасап.

«Денсаулық сақтау мәселелері бойынша мемлекеттік комитеті 31 провинциядан 66 492 адамның коронавирус жұқтырғаны туралы ақпарат алды. Қазіргі таңда 56 873 адам ауырып жатыр. 11 053 адамның жағдайы ауыр. 8096 емделуші емханадан шығарылды, 1523 адам қаза тапты», - деп жазылған хабарламада.

Агенттіктің хабарлауынша, Египетте коронавирус жұқтырған, бірақ ешқандай ауру белгілері жоқ адам анықталды. Осылайша Египет инфекция анықталған Африкадағы алғашқы мемлекет болды.

Загрузка новостей...
Сұхбат
Нұр-Сұлтандық полиглоттың тіл үйретудегі құпиясы
«Сергек» қожайыны жоба туралы бар шындықты айтты
Қазақстан ЖОО-ларында 17 мыңға жуық Өзбекстан азаматы білім алып жүр