$ 521.9  593.5  6.39
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

ШҚО-да қалың қар жауды

Полиция жүргізушілерден көлік дөңгелегін ауыстыруды сұрайды

Шығыс Қазақстан облысына қарасты Алтай ауданында қалың қар жауып қалды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

YK-news.kz порталының хабарлауынша, өңірлік полиция қызметкерлері жүргізушілерге көлік дөңгелегін ауыстыруды сұрайды.

Белгілі болғандай, 20 қазанда Алтай өңірінде – аудан орталығында да, қала сыртында да, соның ішінде Бұқтырма тасжолында да қар жауған.

«Ауа райының қолайсыздығына байланысты қала тұрғындары мен қонақтарын елдімекеннен тыс жерге шығуға шектеу қоюды сұраймыз. Жүргізушілер жазғы доңғалақтарды қыстық түріне ауыстырып, жол ережесін сақтауы керек», - деді Алтай аудандық полиция бөлімінің әкімшілік полиция бөлімінің бастығы Дәурен Құстыбаев.

Айта кетерлігі, бейсенбі күні таңертең Күршім ауданында да (Марқакөл мемлекеттік табиғи қорығы) қар жауған.

Серіктес жаңалықтары