Украинадағы елшілік қызметкерлері қауіпсіз жерге көшірілді – ҚР СІМ

Azattyq Rýhy

Мұхтар Тілеуберді елшілікті уақытша жабуға негіз жоқ екенін айтты

Украинадағы елшілік қызметкерлері қауіпсіз жерге көшірілді – ҚР СІМ
Фото: ҚР СІМ баспасөз қызметі

Қазақстандық дипломаттардың көпшілігі Варшаваға көшірілді. Бұл туралы ҚР Премьер-министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Ведомство басшысы қызметкерлері толықтай эвакуациялау мәселесі күн тәртібінде тұрмағанын айтты.

«Біз дипломатиялық қызметкерлеріміздің өмірі мен қауіпсіздігіне қауіп төндіре алмаймыз. Сондықтан қазір қызметкерлерді қайта орналастыру мәселесі туындап отыр. Дипломаттардың көпшілігі қазір Варшаваға көшіріліп, өз қызметін сол жерден атқарып жатыр», - деді Мұхтар Тілеуберді.

Министр консулдың Киевте екенін және қазақстандықтарды күнделікті қабылдап, эвакуациялауға көмектесіп жатқанын жеткізді.

«Сондықтан қызметкерлерді түгелдей көшіріп, елшілікті уақытша жабуға негіз жоқ», - деді ол.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.