20.10.2022, 01:19
Жаңалықтар
Келесі жылы Астанада жеңіл атлетикадан Азия чемпионаты өтеді
Жарыс «Qazaqstan» жеңіл атлетика спорт кешенінің ғимаратында ұйымдастырылмақ
Фото ашық дереккөзден
2023 жылдың 10-12 ақпаны аралығында Астанада жеңіл атлетикадан 10-шы Азия чемпионаты өтеді. Бұл туралы әкімдіктің баспасөз қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Әкімдік ақпаратына сәйкес, жарыс «Qazaqstan» жеңіл атлетика спорт кешенінің ғимаратында өтеді.
«Астана қаласының әкімі Алтай Көлгінов пен Жеңіл атлетика федерациясының бас хатшысы Асхат Сейсембек алдағы чемпионатқа дайындық барысын талқылады. Кездесуде Астанада жеңіл атлетикадан мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебін ашу мәселесі де көтерілді», - делінген хабарламада.
Мұнымен қоса, биыл желтоқсанда жеңіл атлетикадан Амин Тұяқов атындағы халықаралық турнир ұйымдастырылады.
Көп оқылған
10.11.2026, 10:46
«Мен кәсіби боксшы емеспін»: әйелді ұрған жасөспірім Түркістандағы төбелестің неден басталғанын айтып берді
10.11.2026, 11:07
4,5 мың жетімді бауырына басқан: 70-тен асқан Әмина апа минивэнімен балаларға азық-түлік тасып жүр
10.11.2026, 12:58
Қаракемердегі үш оқушының қазасы: прокуратура «Система» деген бейресми топтың жігіттерін ұстап алды (ВИДЕО)
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды