$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Болгария қаржы тапшылығына байланысты «Евровидение-2023» байқауына қатысудан бас тартты

Ал Ресей мен Беларусь Украина қақтығысына байланысты байқаудан шеттетілді

Болгария қаржы тапшылығына байланысты «Евровидение-2023» байқауына қатысудан бас тартты
Фото ашық дереккөзден

Болгария 2023 жылы өтетін «Евровидение» ән байқауына қатыспайды, өйткені BNT ұлттық қоғамдық телеарнасында қаражат жеткіліксіз.

«Конкурсқа қатысу туралы шешімді телеарна басқармасы қабылдайды. Бас тартудың себебі тек қаржылық мәселеде болып тұр», - делінген хабарламада.

Нақтыланғандай, байқауға қатысу құны бірқатар қатысушылардың шығарылуына байланысты өсті. Сонымен қатар, BNT телеарнасының бюджеті ағымдағы жылы 2 миллион левке қысқарды, ал шығындар үш есе өсті.

Осыған орай, телеарна басқармасы байқауға қатысуды орынсыз деп тапты.

Сонымен қатар, Черногория, Босния және Герцеговина, Андорра, Солтүстік Македония, Словакия, Монако және Люксембург еуропалық байқауға қатысудан бас тартты. Ал Украина қақтығысына байланысты Ресей мен Беларусь байқаудан шеттетілді.

Конкурсқа қатысу үшін мемлекеттердің телерадио хабарларын тарату компаниялары ақы төлейді. Төленетін сома елге байланысты. Бірқатар қатысушылар үшін басқа елдерден көп төлейтін Ресейдің конкурстан шығарылуына байланысты қатысу құны көтерілді.

Шілде айында BBC Ұлыбританияда «Евровидение» өткізілуіне байланысты £17 миллион төлейтіні туралы хабарланды.

Серіктес жаңалықтары