19.10.2022, 21:56
Жаңалықтар
Жетісу облысында жол жөндеушілер теміржол рельсінің үстінен асфальт төсеп тастаған
Жөндеу жұмыстарын жүргізген ұйым жауапкершілікке тартылды
polisia.kz
Желіде Жетісу облысының Үштөбе қаласындағы теміржол рельстерінің үстінен асфальт төселгені туралы ақпарат тарады. Бұл оқиғаны Ішкі істер министрлігі тексерді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy аталған ведомствоның телеграм-арнасына сілтеме жасап.
Әкімшілік полиция басқармасының қызметкерлері оқиға болған жерге барып, бұзушылық дерегін анықтады.
«Жөндеу жұмыстары кезінде теміржол рельстері жабылғаны белгілі болды. Аталған учаскеде жөндеу жұмыстарын жүргізген және бұзушылыққа жол берген жол ұйымы жауапкершілікке тартылды. Қазіргі кезде теміржол өтпелері қалпына келтірілді», - делінген хабарламада.
Көп оқылған
10.09.2026, 14:21
«Әпкеңді ұрамын және ұра беремін»: Ақтөбеде экс-полицей жездесіне оқ атқаны үшін 10 жылға сотталды
10.09.2026, 12:57
Балқашта танысын пышақтап өлтіріп, тағы бір серігіне шабуыл жасаған ер адам 22 жылға сотталды