19.10.2022, 21:27
Жаңалықтар
Елімізде төтенше режимдегі колонияларды жабу жоспарланып отыр
Қазақстанда мұндай мекеме бар болғаны алтау ғана
Фото ашық дереккөзден
Елімізде төтенше режимдегі колонияларды жабу жоспарланып отыр. Бұл туралы ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесi комитетi төрағасының орынбасары Мейрам Аюбаев айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Оның айтуынша, Қазақстанда мұндай мекеме бар болғаны алтау ғана.
«Бүгінде біз бұл мекемелерді жойғымыз келеді, сотталғандарды қауіпсіздігі барынша жоғары мекемелерге ауыстырғымыз келеді. Олар жазасын тұрғылықты жерінде өтегені маңызды. Бұл олардың әлеуметтік байланыстарын жақсартады», - деді Мейрам Аюбаев.
Көп оқылған
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды