$ 511.22  540.05  4.73
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қаңтар оқиғасы мемлекетіміздің беделіне нұқсан келтірді – Тоқаев

Мемлекет басшысы елімізде заң үстемдігі болуға тиіс екенін айтты

Қаңтар оқиғасы мемлекетіміздің беделіне нұқсан келтірді – Тоқаев
Фото: Tengrinews.kz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы облысы жұртшылығымен кездесу барысында қасіретті қаңтар оқиғасына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Елдің Президенті ретінде, мен үшін әділдік – ең жоғары құндылық. Сондықтан менің Әкімшілігімде азаматтардың өтініштерін қабылдаумен және олардың талап-тілектерін қарастыруымен айналысатын арнайы бөлім бар. Бұл жұмысты өз бақылауымда ұстаймын. Биылғы 9 айда менің атыма 41 мың өтініш келіп түсті, олардың әрбір төртіншісі құқық қорғау органдарының қызметіне және сот шешімдеріне қатысты. Бұл құқықтық реформаны жалғастырудың маңыздылығын көрсетеді», - деп атап өтті Қасым-Жомарт Тоқаев.

Оның айтуынша, елімізде заң үстемдігі болуға тиіс.

«Заң үстемдігі болмаса, қоғамдық тәртіп орнату мүмкін емес. Басқаша айтқанда, ішкі саясатымызда заң мен тәртіпті басшылыққа аламыз. Тек сонда ғана біз азаматтарымыздың игілігіне бағытталған экономикалық реформаларды тиімді жүргізу үшін қолайлы жағдай жасай аламыз. Заң мен тәртіп мемлекетіміздің беделіне шын мәнінде нұқсан келтірген қайғылы қаңтар оқиғасының қайталануына жол бермеуге мүмкіндік береді. Одан сабақ алу керек және бұзақылар мен лаңкестерден батыр жасаудың еш қажеті жоқ. Белгілі бір күштердің жетегіне ерген және кішігірім қылмыстар жасағандарға рақымшылық жарияладым», - деді Қ. Тоқаев.

Президент осы орайда қайғылы оқиғаларға жол бергендер мен арандатушылық әрекет жасағандардың ісі бойынша тергеу жалғасатынын айтты. 

«Олар халқымыздың түпкі мүддесіне мүлдем сай келмейтін жеке мақсатты көздейді. Жуық арада мемлекетке сатқындық жасағандар, екіжүзділік және қорқақтық танытқандар сот алдында жауап береді. Қайғылы жағдайға жол берген немесе арандатушылық әрекет жасағандардың істері бойынша тергеу жалғасады», - деді ол.

Серіктес жаңалықтары