$ 498.34  519.72  4.85
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Ресей тұтқынынан Украинаға 108 әйел оралды

Шетел жаңалықтарына шолу

Ресей тұтқынынан Украинаға 108 әйел оралды
Фото: bbc.com

Украина мен Ресей арасында тағы бір топ тұтқын алмасуы өтті. Соның нәтижесінде 108 украиналық әйел үйлеріне оралды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy агенттігі BBC News-ке сілтеме жасап.

Азат етілгендердің арасында «халық республикалары» деп аталатын аумақтарда, осы жылдың ақпан айында Ресейдің кең ауқымды шабуылы басталғанға дейін тұтқынға алынған қыз-келіншектер бар.

Босатылғандардың ең үлкені 62 жаста, ең кішісі - 21 жаста.

«Бүгін кезекті рет ауқымды түрде тұтқын алмасу жұмысын жүргізуге мүмкіндік туды. Эмоционалдық тұрғыдан ауыр болды, біз 108 әйелді тұтқыннан босаттық», - деді Украина президенті кеңсесінің басшысы Андрей Ермак.

Украина билігі босатылған барлық әйел қажет болған жағдайда медициналық көмек алады, физикалық және психикалық қалпына келтіруге көмектеседі деп сендірді.

КӘРІМ БЕНЗЕМА 2021-22 МАУСЫМЫНЫҢ «АЛТЫН ДОП» ИЕГЕРІ АТАНДЫ

Мадрид «Реалы» мен Франция құрамасының шабуылшысы Карим Бензема алғаш рет «Алтын доптың» иегері атанды.

BBC News ақпаратттық агенттігінің хабарлауынша, 2021-22 жылғы маусымда Карим Бензема 46 матчта 44 гол соғып, «Реал Мадридте» Чемпиондар Лигасы мен Испания чемпионатында жеңіске жетті.

Дауыс беру қорытындысы бойынша 2021-22 маусымда Ливерпульде ойнаған мюнхендік «Бавариядан» келген Садио Мане екінші, ал Манчестер Ситидегі Кевин Де Брюйне үшінші болды.

Салтанатты рәсімде алты үміткері бар Англия Премьер-лигасының «Манчестер Сити» чемпионы «Ливерпульден» озып, «Жыл клубы» сыйлығына ие болды.

Фото: AFP

ГЕРМАНИЯ TELEGRAM МЕССЕНДЖЕРІНЕ ЖАЛПЫ СОМАСЫ 5,1 МЛН ЕУРОҒА ЕКІ АЙЫППҰЛ САЛДЫ

Германияның Федералды Әділет департаменті (BfJ) Telegram мессенджеріне 2021 және 2022 жылдары болған заңбұзушылықтар үшін жалпы 5,1 млн еуро көлемінде айыппұл салды. Бұл туралы департаменттің жарияланған мәлімдемесінде айтылған.

Аталған шара 2021 және 2022 жылдары Германияның Әлеуметтік медианы қолдану туралы заңының (NetzDG) талаптарын бұзумен байланысты екені нақтыланды.

«Telegram «FZ-LLC Telegram» әлеуметтік желісінің провайдері ретінде заңды ескерту жолдарын ұсыну міндетіне, сондай-ақ ішкі комиссарды тағайындау міндетіне қарсы заңбұзушылықтар үшін кінәлі», - делінген ведомство мәлімдемесінде.

NetzDG әлеуметтік желі қолданушыларының шағымдарын қарау процесін реттейді. Атап айтқанда, ол өтініштерді олардың тарапынан қарау тетігін құру қажеттілігін көздейді және провайдерді Германияда құжаттаманы қабылдауға, сондай-ақ, тапсыруға Өкілетті өкіл болуға міндеттейді. Ал бұған дейін Telegram негізін қалаушы Павел Дуров WhatsApp мессенджерінің пайдаланушыларына оның қауіпсіздік мәселелері туралы ескертті және одан бас тартуға шақырды.

Серіктес жаңалықтары